Күшіктерін құтқармақ болған бір жасар бала өрттің ортасында қалып көз жұмды

Күшіктерін құтқармақ болған бір жасар бала өрттің ортасында қалып көз жұмды
Өрт шарпыған үйдің ішінен бала шыға алмай қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Арканзас штатында бір жастан асқан бүлдіршін өртке оранған үйден күшігін құтқарамын деп, өзі көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz

30 қараша күні сағат 17:00 шамасында ерлі-зайыпты Куртис және Кейтлин Шарптардың үйі отқа оранған. Олар өрт енді басталып жатқанда үйден шығып үлгеріп, көмекке құтқарушыларды шақырыпты. Ата-анасы өрт сөндіріп, қарбаласып жатқанда қараусыз қалған бүлдіршін үйде қалып қойған күшігін құтқаруға кіріп кеткен. Алайда өрт шарпыған үйдің ішінен баланың өзі де шыға алмай қалыпты. 

«Ол күшігін құтқара алмады», - дейді баланың әкесі. 

Өрттің пайда болу себебі ретінде тоқ жүйесіндегі ақау айтылып жатыр. Қазіргі таңда құтқарушылар оның негізгі себебін анықтауда. 

Бұған дейін Ресейде

Мысығын құтқармақ болған оқушының өзі өртеніп кеткені жайлы айтылған еді.


Новости партнеров