Қазақстандық құтқарушылар Түркияда 7 адамды аман алып қалды

Almaty.tv
Almaty.tv
53 тұрғынның денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы үйінділер арасынан 7 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қираған ғимараттар астынан құтқарылғандар бірден дәрігерлерге жеткізілген. 53 тұрғынның денесі табылды. Оның төртеуі бала. Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Хатай қаласында қазақстандық құтқарушыларға кинологтар жасағы да көмекке жұмылдырылыпты. Сондай-ақ жойқын жарылыс салдарын жоюға барған жасақ құрамында медицинасы орталығының мамандары бар. Аман шыққандарға алғашқы көмек көрсету үшін далада арнайы медпунктер ұйымдастырылған. Мұнда күніне орта есеппен 40-қа жуық адам дәрігер көмегіне жүгінеді екен.

«Қазақстандық құтқарушылар  терең үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмысын орындап,  жедел және сауатты іс - қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару кезінде уақтылы қабылданған шешім нәтижесінде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан 3 тірі адамды - ер адам мен 2 әйелді шығаруға мүмкіндік туды», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Новости партнеров