|
07.07.2020 | 13:39
1068

Коронавирустан өлім қаупін арттыратын генетикалық мутациялар анықталды

Биологтар 193 өлімге зерттеу жүргізген. Қайтыс болғандардың барлығынан коронавирус анықталған

Коронавирустан өлім қаупін арттыратын генетикалық мутациялар анықталды Фото: ашық дереккөзден

Медициналық зерттеулер бойынша Ұлыбританиялық кеңес жанындағы Молекулярлық биология зертханасының ғалымдары коронавирустан өлім көрсеткішін 13 есеге дейін арттыратын бес генетикалық мутацияны анықтады. Зерттеу medRxiv порталында жарияланды, деп хабарлайды Naked Science.

Биологтар 193 өлімге зерттеу жүргізген. Қайтыс болғандардың барлығынан коронавирус анықталған.

«Біз ERAP2 генінің қаупі жоғары екенін анықтадық, сондай-ақ, тағы үш ген барын анықтадық. Бірақ бұл мутациялар ғаламшар тұрғындары арасында аса таралмаған», – дейді мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустан өлім қаупін арттыратын факторларға науқастың жасы мен оның созылмалы аурулары әсер етеді: мысалы, семіздік пен жүрек аурулары.

Бұдан бөлек, биологтар зерттеулерінде еріктілердің ДНҚ-дағы кішігірім мутациялар жиынтығын салыстырған екен. Талдаудан кейін олар төрт гендегі бес вариацияны анықтай алған - ERAP2, BRF2, TMEM181 және ALOXE3. Олардың болуы COVID-19-дан өлім қаупіне әсер етті дейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир