Қытай пневмониясынан бір адам қайтыс болды

zen.yandex.ru
zen.yandex.ru
Коронавирустың жаңа түрінен көз жұмған адам 61 жастағы Ухань қаласының тұрғыны
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«2020 жылдың 10 қаңтарындағы жағдай бойынша коронавирустың жаңа түрі 41 адамнан табылды. Олардың жетеуі ауыр халде жатса, біреуі қаза тапты. Екеуі ауруханадан емделіп шықты», - деп хабарлайды Қазақпарат Ухань қалалық денсаулық сақтау органының хабарламасына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, коронавирустың жаңа түрінен көз жұмған адам 61 жастағы Ухань қаласының тұрғыны. Ол қаладағы базарлардан үнемі теңіз өнімдерін сатып алып жүрген. Қазіргі уақытта 739 адам дәрігерлердің бақылауында, солардың ішінде 419 медицина қызметкері бар. 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар тіркелген жоқ.

Еске салайық, Қытай билігі 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмонияның беймәлім түріне кем дегенде 27 адамның шалдыққанын, соның ішінде жетеуі ауыр халде хатқанын хабарлаған болатын. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі қаладағы теңіз өнімдері сатылатын базарға барған: қазіргі уақытта базар жабылды. 9 қаңтарда зертханалық зерттеулер көрсеткендей, бұл аурудың өршуіне жаңа типтегі коронавирус ықпал еткен. Осыған дейін Қытайда белгісіз пневмонияға шалдыққандар саны 59 адамға жеткендігі хабарланды.


Новости партнеров