Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты
Қазіргі уақытта Өзбекстанда 9 592 науқас емделуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 25 мыңнан асты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
2 тамыз, жергілікті уақыт сағат 10:00-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00) дерек бойынша, Өзбекстанда тағы 257 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Елде осы инфекцияны жұқтырған адамдардың жалпы саны 25 040 құрап отыр. Оның ішінде 15 299 науқас (61 пайызы) жазылған. ӨР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде 149 адам осы індеттен қайтыс болған. Қазіргі уақытта Өзбекстанда 9 592 науқас емделуде. Соның 592-сінің жағдайы ауыр, ал 185-інің жағдайы өте ауыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36