Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2,2 млн адамға жақындады
aa.com.tr
145 мыңнан астам адам көз жұмып, 547 мыңы жазылып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2,2 млн адамға жақындады, деп хабарлайды Almaty.tv.
145 мыңнан астам адам көз жұмып, 547 мыңы жазылып шықты. Вирус ең көп АҚШ-та таралып жатыр. Онда індетке 677 мың 570 адам шалдығып, 35 мыңға жуық адам көз жұмған. Сөйте тұра, бұл елдегі 29 штатта соңғы бір аптада жаңа індет жұқтырушылардың тіркелмеуіне байланысты шектеулер біртіндеп алынып жатыр. Ал Еуропаға келсек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алда Испания, одан кейін Италия тұр. ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелген. Онда короновирус жұқтырғандардың саны 28 мыңдай. 232 адам індет салдарынан көз жұмды. Жалпы әлем бойынша жазылып шыққандардың саны жарты миллионан асқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52