Үндістанда COVID-19 індетінен көз жұмғандарды бір шұңқырға жерлеген

стопкадр из любительского видео
стопкадр из любительского видео
Жан-түршігерлік оқиғаға байланысты Карнатака билігі қаза тапқан адамдардың туыстарынан кешірім сұрап, хат жолдаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның Карнатака штатында коронавирустан көз жұмғандарды бір шұңқырға жерлеп жатыр. Терең етіп қазылған жерге лақтыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік желіге тараған видеода, қымтанып киініп алған мамандар қапқа салынған мүрдені көліктен шығарып, тастап жатқанын көруге болады. 

Тіпті бір қызметкер екі қолын камераға көтеріп сәлем жолдағандай сыңай танытады. Жан-түршігерлік оқиғаға байланысты Карнатака билігі қаза тапқан адамдардың туыстарынан кешірім сұрап, хат жолдаған. Сондай-ақ, видеода болған барлық қызметкер жұмысынан қуылыпты. Айта кетейік, Карнатакада 246 адам коронавирустан көз жұмды. 

Ал, Үндістан болса аталған індетті жұқтырғандар саны бойынша 4-орында. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сүйенсек, әлемде 10 миллион 800 мыңнан астам адам КОВИД-19-бен ауырса, 519 мың 575 науқас өлім құшты.

Новости партнеров