|
21.09.2023 | 15:07
2034

Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті елге жеткізілді

Күдікті Астананың уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті елге жеткізілді Кадр из видео

Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды. Бас прокуратура 2014 жылдан бері іздеуде жүрген азаматтың елге жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол құрылыс компанияларының шамамен 1 млрд теңгеге жуық қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген. Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы нысандарды салуға жұмсалуы керек еді. Олардың арасында аурухана да бар.

– Күдікті Астананың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Дархан Дүйсенбай.

Оқи отырыңыз: Атыраулық үлескерлер ақшаны қайтаруды талап етіп отыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир