ЕО Украина мен Молдоваға ортақ қауымдастыққа кіруге мүше мемлекет мәртебесін берді

You tube
You tube
Бұл туралы саммит қорытындысында Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ЕО Украина мен Молдоваға ортақ қауымдастыққа кіруге мүше мемлекет мәртебесін берді. Бұл туралы саммит қорытындысында Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Cарапшылардың айтуынша, 10 жыл уақыт кетеді дейді. Ал Ресейдің қарулы күштері Харьков облысында шабуылды күшейтіп, Украинаның астық экспорттау жолын кесіп жатыр. Брюссельде өткен ЕО саммитінде көшбасшы мемлекеттер Украинаның қауымдастыққа кіруіне мүмкіндік берді. Бұл шешімді Батыс елдері Киев билігін қолдау мақсатында жасап отыр. Өз сөзінде Франция президенті Украинаға қақтығыстың бірінші күнінен бастап көмек көрсетіп жатқанын және Ресейге қарсы санкциялардың 6 легін қабылдап, саяси қысым көрсеткенін алға тартты. Ал Еурокомиссия төрағасы Украинаның одақ құрамына енуі үшін елеулі өзгеріс қажет деді.

«Украина одаққа енуі үшін көптеген сын-кезеңнен өтеді. Ол үшін бірқатар міндеттерді орындауы қажет. Алайда мен Украинаның мүмкіндігінше тез іс-әрекетке көшіп, қажетті реформаларды жүргізуде қажырлы еңбек ететініне сенімдімін», – деді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.

Сондай-ақ ЕО Украинамен шекаралас Молдоваға да қауымдастыққа кіруге мүше мемлекет мәртебесін берді. Өйткені, бұл ел де соққыға ұшырауы мүмкін. Қазір өтініштер қаралып жатыр. Бірақ сарапшылар оған 10 жылдай уақыт кетеді дейді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл қиындықтарды еңсеруге дайын екендерін жеткізді.

«Бұл – біздің жеңісіміз. Біз бұл мүмкіндікті 30 жыл және 120 күн күттік. Қарсыласымызды жеңеміз, кейін демаламыз. Жоқ, алдымен Украинаны қайтадан аяққа тұрғызамыз, сосын демаламыз», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Ал Ресейдің қарулы күштері кеше түнде Харьков облысындағы ауылды аймақтарға шабуыл жасап, 7 адам жарақат алды. Қызу шайқас Лисичанск аймағында да жүріп жатыр. Қазір Украинаның қауіпсіз аймағы қалмады дейді билік өкілдері. Бірақ әлі де екі елдің ымыраға келетініне сенетін жергілікті халық үйлерін тастап кетуден бас тартып отыр.

«Соңғы тәулікте Ресейдің жоғары дәлдіктегі әскери-әуе күштері Николаев ауданындағы броньды техниканы жөндейтін 3 базаға, 4 басқару пунктіне, 18 аудандағы әскери техникаға шабуыл жасады. Жедел-тактикалық және әскери авиация 1 тәулік ішінде Харьков облысындағы радиолокациялық бекетті жойды», – деді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Америкалық барлау қызметінің мәліметінше, Ресейдің әскери-теңіз күштері Украинаның астық экспорттау жолын кесіп жатыр. Ол үшін Днепр жағалуына миналар орнатып, Одесса мен Очаков кемежайларына бет алған. Ал Украина билігі АҚШ жеткізетін зымырандар мен әскери көмекке үміт артып отыр.

Аяулым Көлжігіт, Ернар Елдосұлы, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров