Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы Джон Чепмэн 33 жастағы көңілдесі Джейм Рэй Феденнен өзімен бірге Лас-Вегасқа баруын сұраған. Сол жақта ол әйелдің қол-аяғын байлап, буындырып, денесін иен далаға лақтырып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Басылымда аталғандай, әйелдің ақыл-есінде ауытқу болған.
Оқиғадан кейін Феденді екі ай бойы із-түзсіз жоғалып кеткен деп санап келіпті. Алайда 5 қазанда иен даладан әйелдің мүрдесі табылған. Қазіргі уақытта полиция мүрденің кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Десе де оны Феденге тиесілі деп санауға негіздер бар.
Марқұмның туыстарының сөзінше, әйел жоқ болып кеткен екі айдың ішінде белгісіз біреу оның Facebook желісіндегі парақшасын пайдаланып, өзін Феден ретінде көрсеткен.
15 қарашада Чепмэнге көңілдесін өлтірді және оның әлеуметтік желідегі парақшасын заңсыз пайдаланды деген айып тағылды.