Судья Атамбаевты тергеу изоляторында қалдырды

Судья Атамбаевты тергеу изоляторында қалдырды
МҰКК ғимаратының алдында бұрынғы президентті қолдауға келген 40-қа жуық адам жиналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев МҰКК тергеу изоляторында қалды. Қалалық сот қабылдаған шешім жайлы бұрынғы президенттің адвокаты Сергей Слесарев мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесарев журналистерге Бішкек қалалық сотының алқасы аудандық соттың Атамбаевты 26 тамызға дейін МҰКК тергеу изоляторында ұстау туралы шешімін күшінде қалдырғанын айтты.

"Сот отырысы жабық болды, бірақ қаулыда ашық өтетіні айтылған еді. Өкінішке қарай, бірінші инстанцияның шешімі күшінде қалды. Ең алдымен судьялар Конституцияны бұзды", - деді Сергей Слесарев.  

Айта кетсек, МҰКК ғимаратының алдында бұрынғы президентті қолдауға келген 40-қа жуық адам жиналды, олардың қатарында егде әйелдер де бар.

Естеріңізге салсақ, сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шараларын Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне ауыстырған болатын. Бұлтартпау шараларын Бішкек қалалық соты қабылдауы керек еді, бірақ соңғы сәтте МҰҚК тергеу изоляторындағы көшпелі сот коллегиясы туралы шешім қабылданған. Атамбаевтың ұлы Қадыр бұл шешімді "масқара және қорқақтық" деп атаған еді.

Новости партнеров