|
25.02.2019 | 15:05
1867

Өзбекстан билігі бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салмақ

Өзбекстанда ердің не әйелдің психикалық ауытқушылығы болса шаңырақ көтеруіне тыйым салынады

Өзбекстан билігі бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салмақ podrobno.uz

Өзбекстан билігі бөле-жиендердің тұрмыс құруына тыйым салғалы жатыр. Бұл туралы Podrobno.uz сайты Денсаулық сақтау министрлігінің заң жобасына сілтеме жасап хабарлады.

Құжатқа қарағанда, Отбасы кодексіндегі ер мен әйелдің тұрмыс құруына тыйым салынатын жағдайлар жазылған 16-бабына өзгеріс енгізіледі.

Өзбекстанда ердің не әйелдің психикалық ауытқушылығы болса не басқа некеде болса, шаңырақ көтеруіне тыйым салынады. Сондай-ақ бір әке-шешеден тараған, әкесі не шешесі ортақ туыстардың, асырап алған балалардың асыраушысымен тұрмыс құруына болмайды.

Жаңа заң бөле-жиендердің үйленуіне тыйым салуды да көздейді.


Өзбекстан заңнамасы бойынша, ерлерге – 18, қыздарға 17 жастан бастап некеде тұруға рұқсат беріледі.

Алайда жүктілік, баланың тууы сияқты нақты себеп болған жағдайда аудан не қала хокимі (басшысы) жұптың өтініші бойынша неке жасын бір жылдан көп емес уақытқа төмендете алады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир