|
16.05.2019 | 15:21
2186

12 жастағы қыз ішімдікке сылқия тойып алып, атасының көлігін айдап кеткен

Көлік салонынан арақ пен тағы басқа алкогольді ішімдіктер табылды

12 жастағы қыз ішімдікке сылқия тойып алып, атасының көлігін айдап кеткен

АҚШ-тың Аламогордо қаласында 12 жастағы оқушы қыз мас күйінде көлік жүргізгені және полицейлерден жасырынып қалмақ болғаны үшін тұтқындалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

12 жастағы қыз үш құрбысымен бірге атасының көлігін ұрлап айдап кетіп, қаланы аралауға шыққан. Полицейлер оны ұстамақ болғанда, жеткіншек жасырынып қалмақ болыпты. Ақыры полицейлерден қашқан қыз жылдамдықты шектеу белгісіне соғылып тынды.

Полицейлердің сөзінше, олар көліктен балаларды көреміз деп ойламаған. Көліктің салонынан арақ пен тағы басқа алкогольді ішімдіктер табылыпты.

Оқиғадан кейін кәмелетке толмаған  төрт қызға ішімдік ішкені үшін айыпталды. Ал көлікті айдап кеткен қызға мас күйінде көлік жүргізгені және полициядан жасырынбақ болғаны үшін қосымша айыппұл салынды. Сонымен қатар, жеткіншектерді ұстаған тәртіп сақшылары олардың ішімдікті қайдан алғанын анықтағысы келеді.

Ал көлікті айдап кеткен қыздың әкесі отбасында ешкімнің ішімдік ішпейтінін, полиция қызын бөлімшеде қалдырамын десе, қарсы болмайтынын айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир