Мойнына семсер-балық қадалған бала аман қалды

https://stan.kz/
https://stan.kz/
Аталған балықтың шабуылынан кейін мерт болғандар да бар екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индонезияда жасөспірім семсер-балық мойнын тұмсығымен тесіп өткеніне қарамастан аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz .

Дәрігерлер мойын сүйегі мен тамағынан жарақат алған балаға ота екі күннен кейін жасалыпты, оның өмірін дәрігер сақтап қалған.

Оқиға өткен сенбіде болған. Бозбала достарымен бірге  Бутон суына балық аулауға барған. Осы кезде семсер-балық теңіз суынан атып шығып, инесімен баланың тамағына қадалыпты.

Ота екі күннен кейін бірақ жасалған, бұған дейін дәрігерлер балықтың басын шығаруға қатты қорқыпты. Себебі оны шығарған жағдайда қан тоқтамағандықтан, бозбала өліп кетеді деп ойлаған.

Отаны орындауға үш хирург пен екі анестезиолог қатысыпты.

«Балықтың басын шығарған кезде мұқияттылықты сақтау керек болды. Себебі мойында орналасқан майда қан тамырлардан қан кетсе, оны тоқтату қиынға соғады. Қазір баланың жағдайы тұрақты, бірақ арасында қалтырап тұрады. Кей кездері дене қызуының көтерілуі байқалады», - дейді жергілікті дәрігерлер.

Жасөспірімнің мойнына қадалып тұрған балықтың басы түсірілген сурет әлеуметтік желілерде жаппай тарап кетіпті.

Семсер-балықтың тұмсығында көптеген тістер орналасқан екен. Суда жүзгенде балықтың бұл түрі 60 км/сағ жылдамдыққа дейін жетеді.

Новости партнеров