Үндістанның Уттар-Прадеш штатында осы аптада 49 адамға найзағай түскен

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Оқиға Каушамби қаласына жақын маңда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында алты адамға жай түсіп, көз жұмды. Олар негізінен шаруалар еді. Жалпы, осы аптада найзағай түсіп мерт болғандар саны 49 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға Каушамби қаласына жақын маңда болған. Шаруалар толассыз жаңбыр жауып жатқанда ағаштардың астын паналап тұрған. Осы кезде ағашқа жай түсіп, сол жердегілер бірден қаза тапқан. Полиция мәліметінше, құрбандар арасында бір отбасының төрт мүшесі және бірнеше малшы болған. Қаза тапқандар санының артуына байланысты үкімет халыққа найзағай кезінде өзін қалай қорғау керегі туралы жаңа ережелер таратты. Себебі, Үндістанда муссондар кезеңі маусымнан қыркүйекке дейін жалғасады. 

Lightning India Resilient Campaign ұйымының мәліметінше, сәуір айынан бері нвйзағай Үндістанда 750-ге жуық адамның өмірін қиды. Ғылым және қоршаған ортаны зерттеу орталығының директоры Сунита Нарайнның айтуынша, найзағайдың көбеюіне жаһандық жылыну да әсер етіп отыр. Атап айтқанда, ауа температурасы Цельсий бағанасы бойынша бір градусқа көтерілсе, найзағай түсу оқиғалары 12 есе жиілейді.

Новости партнеров