Индонезияның Проболинго қаласында анасының өлгеніне қатты қайғырған ұлы оның денесін қабірден қазып алып, үйіне алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Jakarta Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайтыс болған Сумарто есімді әйелдің ұлы Насыр психикалық аурудан зардап шегеді. Ер адам анасының өлімінен кейін қатты қайғырып, 40 күн өткен соң марқұмның денесін қабірден қазып алуды ұйғарыпты.
«Ол анасының денесін үйіне алып барған. Бұл әрекетін жасыру үшін, анасының денесін қапқа салып қойыпты», - дейді жергілікті тұрғын Әмір.
Әмірдің сөзінше, Сумарто жерленген зират орман түкпірінде орналасқан. Ол жаққа адам аз барады, дейді ол.
Осылайша, Насыр анасының денесін үйінде сақтаған. Алайда бұл туралы туысы біліп қойып, мәйітті қайта жерлеуін сұрапты. Артынша Насыр мәйітті қабірге апарып, жерлеген.