Қытай астанасы Пекинде соңғы тәулікте 4 адамнан ғана коронавирус анықталған

bbc.com
bbc.com
Қытай астанасы Пекинде карантиндік талаптар біршама жеңілдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай астанасы Пекинде карантиндік талаптар біршама жеңілдеді. Бұған себеп – елде соңғы 13 күнде COVID-19 індетін жұқтырғандар мүлде тіркелмеген. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлайды. Тек соңғы тәулікте шет аймақтан келген 4 адамнан ғана вирус анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір елдегі жағдай тұрақты. Кәсіпорындар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Әлем бойынша вирус салдарынан айтарлықтай зардап шеккен Италия қалыпты өмірге орала бастады. Соңғы уақыттарда коронавируспен күресте оң нәтижелер байқалған. Десе де, елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини италялықтарға жазғы демалыс кезінде шетелге саяхаттамауды сұрайды. Айта кетейік, қазір Италия COVID-19 індетін жұқтырғандар саны бойынша әлемде 3-орында тұр. Ал, көршілес Ресейде індет керісінше өршіп барады. Бір тәулікте 65 адам кесел кесірінен көз жұмды. Бүгінде вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеуде тіркеліп жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны әлемде 3 миллионнан асып кетті. Бұл статистиканың ішінде миллионға жуық азамат індетті жеңіп шықты. Ал, 200 мыңнан астам азамат COVID-19 індетінен көз жұмған.  

Новости партнеров