Грузияда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

22.07.2024 20:29

Ошақ 42 км тереңдікте орналасқан

elements.envato.com

4,9 балдық жер сілкінісі Грузияның оңтүстік-шығысындағы Дедоплисцкаро муниципалитетінде, Әзірбайжан шекарасына жақын жерде тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы хабарлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кахети аймағындағы Дедоплисцкаро қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км қашықтықта анықталды.

Ошақ 42 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12:08-де тіркелді. Зілзала қуаты Тбилисиде де сезілген, бірақ ешқандай зақым келмеген. Қирау мен зардап шеккендер туралы хабарламалар болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласын абаттандырудың жаңа ережелері: мегаполистегі тәртіп үшін кім жауапты