|
23.04.2019 | 15:29
920

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті (ВИДЕО)

Қазіргі таңда жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге, ал зардап шеккендердің саны 520-ға жетті. Бұл туралы Байланыс құралдары және бұқаралық ақпарат министрі Руван Вийевардене мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап.

«Қаза тапқандар саны 321-ге жетті және 521 адам зардап шекті», - делінген телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін жарылыстан 262 адамның қаза тауып, 452 адамның зардап шеккені хабарланған болатын.

Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар.

Қазіргі таңда жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адам қамауға алынды.

Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир