Үндістанда найзағай соғып, 20 адам мерт болды
ҚазАқпарат
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сол күні адамдардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасы мүшелеріне ақшалай көмек көрсетілетінін мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүйсенбі күні Үндістанның Батыс Бенгалия штатында найзағай соғып, кем дегенде 20 адам мерт болды, тағы үшеуі зардап шеккен, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сол күні Батыс Бенгалияда көптеген адам қаза тауып, зардап шеккен. Осылайша, Муршидабад және Хугли округтерінде ауа-райының қолайсыз жағдайы салдарынан тоғыз адам мерт болған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сол күні адамдардың қазасына байланысты көңіл айтып, мерт болғандар мен зардап шеккендердің отбасы мүшелеріне ақшалай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Әдетте, Үндістанда найзағайлы жаңбыр маусымы жыл сайын маусым айынан қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10