Дауыл кезінде ер адам қолшатырмен бірге ұшып кетті (видео)
Түркияда қатты дауыл көшедегі үлкен қолшатырларды ұшырып әкеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркияда ер адам дауыл кезінде қолшатырмен бірге ұшып кетті. Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Түркияда қатты дауыл көшедегі үлкен қолшатырларды ұшырып әкеткен. Осы кезде екі ер адам қолшатырды ұстап қалмақ болды. Алайда қатты дауыл оларға көмектеспек болған кездейсоқ жүргіншіні қолшатырмен бірге ұшырып әкетті.
Ер адамның сөзінше, дауыл өзін 3-4 метр биіктікке көтеріп жібергендей сезімде болған. Ол қолшатырдың мұнан да биікке ұшуы мүмкін екенін түсінгенде, төменге секіруді жөн көріпті.
Абырой болғанда, ер адам зардап шекпеген. Алайда қолшатырдың кесірінен басқа адам жарақаттанды. Оның үстіне қолшатыр құлап, салдарынан аяғы мен қабырғасы сынған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33