Құрсақтағы баланың қыз екенін білген азамат әйелін соққыға жыққан

ktk.kz
ktk.kz
Жас келіншектің айтуынша, ол сәбиін ұзақ күткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дағыстандық азамат 19 жастағы әйелінің құрсағында қыз бала екенін біліп, оны түсік тастауға мәжбүрлеген. Сондай-ақ, ол «Тиматидің өзі ұлды болып жатыр. Сен толық дамымағансың» деп ұрысқан, деп хабарлайды sn.kz.

«Сенбі күні бойжеткен түсік жасатқан соң, күйеуінен жасырынбақ болды. Себебі, күйеуі түсік тастаудың алдында оны ұрып-соғып, сес көрсетіп, емханаға өзі жетектеп алып келген. Әйел психологиялық тұрғыдан қатты соққы алған. Ол түсік тастағаны үшін қатты өкінді. Бұдан соң ол біздің орталыққа бағыт алған. Біз оны уақытша баспанаға орналастырдық», – деді Дағыстандағы Аналар мен балаларды қорғау орталығының директоры Евгения Величкина.

Жас келіншектің айтуынша, ол сәбиін ұзақ күткен. Алайда күйеуі құрсағындағы қыз бала екенін білген соң, одан құтылуға асыққан.

Новости партнеров