Францияда бұрын сотталған ер адам туристерге шабуыл жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Шығыс Африка елінде су тасқынынан 47 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияда бұрын сотталған ер адам туристерге шабуыл жасады. Ал Шығыс Африка елінде су тасқынынан 47 адам қаза тапса, Германиядағы әуежайлардың бірінде дауылға байланысты рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Танзанияның солтүстігінде су тасқынынан 47 адам қаза тауып, 85 тұрғын зардап шекті. Шенеуніктердің айтуынша, көз жұмғандар саны әлі де өсуі мүмкін. Шығыс Африка елінде бірнеше апта бойы қатты жаңбыр жауып, соңы тасқынға ұласқан.  Бұған дейін Индонезияның Суматра аралында болған көшкіннен кемінде 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Германияның оңтүстігінде болған дауылдан Мюнхен әуежайында барлық рейстер тоқтап, көлік қозғалысы шектелді. Әлеуметтік желіде ұшақтың ұшып-қону жолағында қатып қалғаны түсірілген бейнежазба тараған. Тіпті Бундеслигадағы «Бавария» мен «Юнион Берлин» кездесуі қалың қарға байланысты кейінге шегерілді. Қарлы боран Аустрия, Швейцария және Чехияның кей жерлеріне де соғып, аймақтағы саяхатқа кедергі келтірген. Швейцарияның қаржылық астанасы Цюрихте де ауа райына байланысты рейстер кейінге шегерілген.

Ал Парижде бұрын сотталған ер адам туристерге шабуыл жасады. Оқиға Эйфель мұнарасының жанында болған. 26 жастағы француз азаматы Германия тумасын өлтіріп, тағы екеуін жаралаған. Ер адам әуелі біреуін пышақтап, сосын қасындағыларға балғамен шабуыл жасамақ болған. Полиция оны электрошокермен тоқтатыпты. Күдікті полицияға өзін Ауғанстан мен Палестинадағы адам өлімі, сондай-ақ Газа секторындағы жағдай қынжылтқанын айтқан. Елдің Ішкі істер министрі оның психикалық ауытқуы бар деген ақпар келтірген.

Оқи отырыңыз: Қытайда белгісіз инфекциялық жұқпалы ауру тарап жатыр

Новости партнеров