Филиппинде жолаушылар кемесі өртеніп, 12 адам қайтыс болды

30.03.2023 20:53

14 адам ауруханаға жатқызылды

Keystone Press Agency/Global Look Press

Филиппин аралдарында жолаушылар кемесі өртеніп, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан провинциясының жағалауында жолаушылар кемесі өртеніп, кем дегенде 12 адам, оның ішінде үш бала қаза тапты.  

Белгілі болғандай, Балук-Балук аралында өрт шыққан кезде Lady Mary Joy кемесі 200-ге жуық жолаушыны алып бара жатқан.

Губернатор Джим Хатаман-Суллиман жолаушылардың көпшілігі құтқарылғанын, жеті адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеді.

«Тағы 14 адам ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.