|
22.02.2024 | 15:55
237

Миында Neuralink чипі бар науқас оң нәтиже көрсетті – Илон Маск

Кез келген құрылғыны ойлау арқылы басқаруға болады

Миында Neuralink чипі бар науқас оң нәтиже көрсетті – Илон Маск elements.envato.com

Илон Масктың Neuralink компаниясы қаңтар айында алғашқы науқастың миына чип енгізді. Оның айтуынша, науқас қазір компьютердің тінтуір курсорын ой күшімен жылжыта алады, енді батырмасын басуды үйреніп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) өткен жылдың мамыр айында компанияның алғашқы сынақтарын мақұлдады.

Процедурада мидың қозғалысты басқаратын бөлігіне 64 икемді жіп енгізілді. Бұл жіп тәрізді электродтар өте жұқа, сондықтан оларды робот орналастырды. Олар имплантқа ми сигналдарын жазуға және қолданбаға жіберуге мүмкіндік береді, содан кейін адамның ойын оқу арқылы қозғалысын меңгереді.

Қаңтарда Илон Маск Neuralink-тің алғашқы өнімі Telepathy деп аталатынын және «телефонды, компьютерді олар арқылы кез келген құрылғыны жай ғана ойлау арқылы басқаруға» мүмкіндік беретінін және «оның алғашқы пайдаланушылары мүмкіндігі шектеулі жандар болатынын» мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Аlaqanpay: алақаныңызды сканерлеу арқылы төлем жасауға болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир