Ғалымдар: Коронавирус ауа арқылы таралады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Кешегі күннің өзінде 1326 адамнан ауру анықталыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғалымдар коронавирустың 100% ауа арқылы таралатынын дәлелдеді. Қытайда автобустардың бірінде жүргізілген жаңа ғылыми зерттеу желдетілмейтін ортада симптомсыз науқастан COVID-19-дың ауа арқылы таралатынын растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бұған дейін эпидемиологтар хабарлаған болатын. Ауру белгілері және қорғаныш маскасы жоқ індет жұқтырған адам бір сағатқа жуық уақытқа созылған сапар кезінде нашар желдетілетін автобустағы жолаушылардың үштен біріне вирус жұқтырды. Ғалымдар коронавирус жұқтыру радиусы бұрын ойлағаннан әлдеқайда үлкен екенін дәлелдеді. COVID-19 автобус салонының алдыңғы және артқы жағындағы жолаушылардан табылды. Ал Италияда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өсті. Жақында ғана елде вирус жұқтырғандар азайған еді. Кешегі күннің өзінде 1326 адамнан ауру анықталыпты. Екі күнде вирустан сегіз адам көз жұмған. Бұған дейін Италияда тәулік ішіндегі ең үлкен өсім тіркеліп, елде жаңа шектеу енгізілген болатын.

Новости партнеров