АҚШ құрамасы бокстан Әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Әлем чемпионаты 2023 жылдың наурыз айында Нью-Йоркте, мамыр айында Ташкентте өтуі тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың бокс командасы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресейліктерге мемлекеттік ту мен әнұранын пайдалану арқылы өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешіміне байланысты ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған ХОК-тың халықаралық жарыстарда Ресей мен Беларусьтің туы мен әнұранын пайдалануға тыйым салу туралы шешімі негіз болған.

Әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 2023 жылдың наурыз айында Нью-Йоркте, ерлер арасындағы Әлем чемпионаты мамыр айында Ташкентте өтуі тиіс.

5 қазанда Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Директорлар кеңесі Ресей мен Беларусь боксшыларын жарысқа жібермеу туралы шешім қабылдады.

Новости партнеров