Жапонияның Bonac Corp компаниясы COVID-19-бен ауырғандарды емдейтін жаңа препараттың клиникалық тәжірибеден өткенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Фукуока префектурасының ғалымдары КВИ тудырған респираторлы ауруға қарсы дәрінің 72 тестік нұсқасын жасап шығарғанын, ал оның 10-ның вирустың ішкі ағзада көбеюін тежеп, жақсы нәтижеге қол жеткенін қуана хабарлайды.
Жоғарыдағы 10-ның ішінен аз мөлшерінің өзі емде тиімді деп саналған үшеуін тағы іріктеп алған. Енді олардың арасынан тәжірибеде ең жоғары көрсеткішке жеткен бірі ғана адам емдеуге жолдама алады дейді.
Bonac Corp компаниясы SARS-CoV-2-нің геномдық РНК-сын бөліп тастап, пациентте антидене қалыптастыратын дәріні жасап шығаруды мақсат етіп отырған көрінеді.