ДДСҰ бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті

© Фото: Globallookpress
© Фото: Globallookpress
Бетперде вирустан тиімді қорғауы үшін кем дегенде үш қабат болуы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті. Ұйым қоғамдық көлік пен дүкендерде масканы міндетті түрде қолдану керек екенін айтты, деп жазады sputniknews.kz.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерге кеңес берді. Ұйым коронавирус кең таралып, қашықтық сақтау қиындайтын жерлерде халыққа бетперде тағуды ұсыну қажет деп отыр. Мәселен, қоғамдық көлік пен дүкендерде маскасыз жүрмеген жөн», - деп жазады РИА Новости ұйым өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

ДДҰ созылмалы ауруы бар және 60-тан асқан адамдарға бетперде тағу маңызды екенін хабарлады. Сондай-ақ, барлық медициналық қызметкерлер маска тағуға міндетті. 

Бетперде вирустан тиімді қорғауы үшін кем дегенде үш қабат болуы керек екені айтылды.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 12 551 адам коронавирус жұқтырды. 6 903 адам жазылып шықты, 52 науқас көз жұмды.

Новости партнеров