Украина президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Украина президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинаға іссапармен келуге шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Украинаның президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Украина халқының және өз атымнан сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын», - деді Украина Президенті.

Владимир Зеленский сайлаушылардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артуы, оның ел арасындағы беделі зор екенін көрсеткенін айтқан.

«Екі жақтап күш салу арқылы қос ел арасындағы сындарлы ынтымақты, егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтай отырып өзара тереңдете алатынымызға сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізді Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін, құрметті Президент, сізге осынау жауапты қызметіңізде мықты денсаулық пен жаңа табыс, ал Қазақстанның дос пейілді халқына бейбітшілік пен гүлдену тілеймін», - делінген құттықтауда.

Новости партнеров