|
28.08.2020 | 16:22
1028

Латын Америкасында коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асты

Латын Америкасындағы COVID-19 жағдайларының саны небәрі 13 күнде 6 миллионнан 7 миллионға дейін өсті

Латын Америкасында коронавирус жұқтырғандардың саны 7 миллионнан асты inform.kz

Reuters есептеулеріне сәйкес, Латын Америкасында коронавирус жұқтыру деректерінің саны бейсенбіде 7 миллионнан асты. Хабарламада айтылғандай, кейбір елдер әлемде коронавирустық инфекцияның деңгейі жоғары өңірде коронавирус жұқтырғандар санының азаюын тіркей бастаған.

Деректер көрсеткендей, орта есеппен бір тәулік ішінде ауру көрсеткіші соңғы жеті күнде, сәрсенбіде шамамен 77 800 жағдайға дейін төмендеген. Өткен аптада бұл көрсеткіш 85 000-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде ең көп зардап шеккен Бразилия бейсенбі күні 44 235 жаңа ауру жағдайы және 984 сағат ішінде 24 кісі өлімі тіркелгені туралы хабарлады. Осылайша елдегі коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 3 761 391 адамды құрады, COVID-19 құрбандарының саны 118 649-ға жетті.

Алаңдатарлық көрсеткіштерге қарамастан, Бразилия билігі елде күнделікті коронавирус жағдайларының азаюы байқалады деп мәлімдейді.

Мексика билігі де ауру жағдайлары санының тұрақты төмендеуін байқап отырғандығын хабарлады. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Латын Америкасында халық саны бойынша екінші орында тұрған елдегі пандемияның ауқымы бағаланбағанын айтады.

ДДСҰ Мексика және өңірдегі басқа да елдерге коронавирусты тестілеу көлемін ұлғайту керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар, жастар арасында коронавирустық инфекцияның жоғары деңгейіне алаңдаушылық білдірді.

Бразилия, Перу, Мексика, Колумбия және Чили әлі күнге дейін әлемдегі коронавирус жағдайы өршіп тұрған 10 елдің қатарына кіреді. Перуде COVID-19-дан 28 000-нан астам өлім тіркелді, бұл өңірдегі жан басына шаққандағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші.

Сәрсенбіде Аргентинада пандемия басталғаннан кейін алғаш рет бір күнде коронавирус жұқтырғандардың саны 10 000-нан асты. Бейсенбіде ел билігі кейбір провинцияларда қатаң оқшаулау режимін қайта күшейтті.

Латын Америкасындағы COVID-19 жағдайларының саны небәрі 13 күнде 6 миллионнан 7 миллионға дейін өсті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир