|
29.01.2019 | 16:30
3083

Күйеуім қатты қиналды: Бедеу әйел жаттығу залының арқасында екі баланы дүниеге әкелді

Дәрігерлер аналық жасушаларының жұмысы бұзылғандықтан, өмір бойы сәби сүйе алмайтынын айтқан

Күйеуім қатты қиналды: Бедеу әйел жаттығу залының арқасында екі баланы дүниеге әкелді stan.kz

Ұлыбританияда бедеу әйел 2 рет ана атанды. Дәрігерлер 2007 жылы оған аналық жасушаларының жұмысы бұзылғандықтан, өмір бойы сәби сүйе алмайтынын жеткізген. Алайда бүгінде 2 баласын тәрбиелеп отырған ана жүктілігіне жаттығу залы себеп болғанын айтады.

Бұл туралы Ipswich Star газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ханна Карпентер күйеуі Майкпен бірге сәбилі болу үшін барлық әдісті қолданып көрген. Оның ішінде экстракорпоральді ұрықтандыру да бар. Алайда олардың бәрі нәтижесіз болыпты.

Карпентердің пікірінше, ол тұрақты түрде жаттығу залына бара бастағаннан кейін жүкті болған. Дәрігерлер оның бедеу екеніне сенімді болғанымен, әйел 3 жыл бұрын тұңғышын босанды. Ол қызына Нэнси деген есім берген.

«Маған бедеу екенімді айтқанда, жан-дүнием астаң-кестең болды. Тіпті, мен дәрігердің сөзіне күмәнданбадым. Өмір бойы сәбилі бола алмайтыныма сендім. Экстракорпоральді ұрықтандыру жасату қиын болды. Екінші рет жасатқанымда, бала көтердім. Алайда түсік тастадым. Күйеуім қатты қиналды», – дейді әйел.

Карпентер бірінші баласын босанғаннан кейін өзін ең бақытты әйел сезініп, жақында тағы да жүкті болатынынан үміттенбеген.

«Мен үнемі екі баланың анасы болуды армандайтын едім. Сондықтан екі жылдан кейін тағы да бала көтеруім ең ғажайып жағдай болды», – дейді ол.

Бүгінде Карпентердің екі қызы бар. Әзірге ол тағы да сәби сүюді жоспарлап жүрген жоқ. Алайда тағдырдың қандай тосынсый жасайтынын білмейсің, дейді ол.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир