|
29.01.2020 | 16:32
1233

Коронавирус БАӘ-ге жетті

Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

Коронавирус БАӘ-ге жетті skyscrapercity.com

Бірікке Араб Әмірліктерінде коронавирус жұқтыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«БАӘ-де алғашқы коронавирус жұқтыру дерегі анықталды. Науқастың жағдайы бірқалыпты, ол дәрігерлердің бақылауында», - делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері де жазды.  Министрлік өкілдері коронавирусты жұқтырған адамның кім екенін нақтыламады.  

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир