Татарстан үкіметі аптап ыстыққа байланысты қауіпті ауа райы құбылыстары расталған өңірдің 38 муниципалды ауданында төтенше жағдай енгізу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Төтенше жағдайдың алдын алу мен жою және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету комиссиясының отырысында республиканың Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі Марат Зяббаров мәлім етті. Комиссия отырысын Татарстан президенті Рустам Минниханов өткізді.
Республикада барлығы 43 муниципалды аудан мен екі қалалық округ (Қазан және Набережные Челны) бар.
«Аптап ыстық пен жаңбырдың аздығы егінінің шығуына және оны жинауға қолайсыз жағдай туғызып отыр. Осы мәселені талқылау керек және ыстық ауа райының жағымсыз салдарын еңсеру, республиканың азық-түлік жеткіліктілігін сақтау бойынша шараларды қалыптастыру қажет»,– деді Минниханов отырыста.
Татарстанның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі басшысының айтуынша, 34 муниципалды ауданда аңызақ, 18 муниципалды ауданда топырақ қуаңшылығы, Муслюмов және Сарманов аудандарында атмосфералық құрғақшылық тіркелген.
Заббяров муниципалды деңгейде ТЖ режимін енгізу қожалықтардың инвестициялық және қысқа мерзімді несиелерін өтеу, сонымен қатар форс-мажорлық жағдай салдарының басқа да міндеттемелерін орындау уақытын создыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Егістігін сақтандырып қойған шаруашылықтар қауіпті құбылыстардың өсімдіктердің дамуына әсер етуін тіркеп отыру үшін уақытылы сақтандыру компаниясына жолығуы керек.