Әжем Алматыда тұрған - Владимир Зеленский
images.unian.net
Украина басшысы Освенцимдегі неміс концлагерін босату оқиғасына 75 жыл толуына орай Израильдегі еске алу кешіне бармақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Украина президенті Владимир Зеленский The Times of Israel басылымына берген сұхбатында әжесінің Алматыда тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Менің әжем Украинаның фашистер басып алған оңтүстігіндегі Кривой Рогта тұрған. Олар барлық еврейдің көзін жойды. Әжем басқа еврейлермен Қазақстанның Алматы қаласына эвакуацияланған. Көп адам сонда қашты. Ол сол жерде оқыды. Әжем - мұғалім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайтып келді", - дейді Зеленский. Сонымен қатар, Украина басшысы Освенцимдегі неміс концлагерін босату оқиғасына 75 жыл толуына орай Израильдегі еске алу кешіне баратынын, алайда ол жерде сөз сөйлемейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47