|
12.04.2019 | 17:11
1849

Беларусь елінде түркімен қыздарына джинсы киюге тыйым салынған

Ал студент жігіттерге сақал өсіру мен мешітке баруға тыйым салынды

Беларусь елінде түркімен қыздарына джинсы киюге тыйым салынған

Беларусь елінде түркімен студент қыздарына джинсы киюге, ал студент жігіттерге сақал өсіру мен мешітке баруға тыйым салынды. Түркіменстан елшісі шет мемлекетте оқитын жастарға осындай талап қойған. Бұл туралы Беларусьте білім алатын студенттер айтты, деп хабарлайды Азатлық.

Студенттің сөзінше, елші оларға бірнеше талап қойған.

«Елші бізден клубқа, мейрамханаларға көп бармауымызды талап етті. Ол қыздарға джинсы шалбар мен белдемше киюге, ал жігіттерге сақал өсіруге тыйым салды. Ол сақал өсірген жігіттер лаңкеске ұқсайды дейді.

Мұнда мешіттерді МҚК қызметкерлері қатаң бақылауға алды. Олар студенттердің қайсысы мешітке баратынын тексеріп жүреді. Елшімен кездесу осы жылдың ақпан айында болған», - дейді Белорусияда оқитын түркімен студенті.

Азатлыктың хабарлауынша, Белорусиядағы Түркіменстан елшілігінен пікір алу мүмкін болмаған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир