Маусым айында Дели - Алматы әуе рейсі ашылады

КазТАГ
КазТАГ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«SpiceJet» әуе компаниясы Дели - Алматы - Дели рейсін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Рейсті «SpiceJet» әуе компаниясы 10 маусымнан бастап іске қосады.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев үндістандық «SpiceJet» әуе компаниясының бас менеджері Манож Кумармен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы тұрақты рейс ашу мәселесі талқыланды. Әуе компаниясына шетелдік әуе компанияларын тіркеу аккредитациясы туралы куәлік берілді. Осы жылдың 10 маусымынан бастап «SpiceJet» Дели - Алматы - Дели бағытында Боинг-737 әуе кемесімен аптасына алты рейс жасауды көздеп отыр», - делінген хабарламада.

Аталмыш рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты, транзитік әлеует пен Қазақстандағы туризмді дамытуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

SpiceJet - халықаралық сапарларды жүзеге асыратын үндістандық бюджеттік әуе компания. Ішкі нарықпен бірге аталмыш әуе компаниясы Ауғанстан, Бангладеш, Гонконг, Таиланд, Шри-Ланка, БАӘ, Оман және Мальдивке ұшақ ұшырады. Пәкістан алдағы уақытта да әуе кеңістігін жабық күйде ұстай берген жағдайда «SpiceJet» өзінің әуе сапарларын Оман, Иран, Ауғанстан және Өзбекстан елдері арқылы орындай береді. Бір бағытта ұшу сапары 7 сағатқа созылады.  


Новости партнеров