|
20.03.2024 | 17:33
981

Әлемнің 26 елінде қазақ күйі күмбірлейді

Радиостанциялар эфирге қоятын музыкалар тізіміне күйлерді қосты

Әлемнің 26 елінде қазақ күйі күмбірлейді elements.envato.com

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 20 наурызда өткен баспасөз конференциясында әлемнің 26 елінің радиостанциясы өздерінде ойналатын музыка тізіміне қазақ күйлерін қосқанын жеткізді, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Министр алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады.

- Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күмбірлеген домбыраның әуезді үні бес құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр. Ұлы дала музыкасы көктем мерекесінің ғажайып атмосферасын қалыптастырып, бүкіл әлемге ізгіліктің шуақты нұрын шашты, - дейді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақ күйлерін Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Түркия, Грузия, Болгария, Сербия, Хорватия, Литва, Латвия, Мажарстан, Польша,Испания, Бразилия және АҚШ елдерінің радиостанциялары таратады.

Айта кетсек, биыл Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Түрксіб ауданында Наурыз мейрамы қалай өтуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир