Қаңғыбас ит қоқыста жылап жатқан тастанды сәбиді құтқарды

astanatv.kz
astanatv.kz
Полиция бұл оқиғаны зерттеп, баланы тастап кеткендерді іздеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңғыбас ит қоқыс дорбасына салынған кішкентай сәбиді құтқарды. Оны белгісіз біреулер муниципалды ғимараттың жанына тастап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласында болған.  

Өтіп бара жатқан адам иесіз иттің қоқыстан бір дорбаны шығарып, аузында тістеп тұрғанын көріп қалады.

Қара қапшықтан баланың қыстығып жылаған даусы естіледі. Ол қызды дереу Триполи мемлекеттік ауруханасына жеткізді.

Желіде тараған фотосуреттен нәрестенің беті мен денесінде қызарған және көгерген жарақат ізі бар екенін көруге болады.

Кейбір ақпарат көзі оның шамамен 4 айлық екенін хабарласа, басқалары қоқысқа тастағаннан бірнеше сағат бұрын ғана дүниеге келген шақалақ деп мәлімдеді. Интернетте осы хабар тараған кезде көптеген әлеуметтік желі қолданушылары қызды асырап алғысы келетінін жазды.

Жергілікті БАҚ қыздың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп хабарлады.

Полиция бұл оқиғаны зерттеп, баланы тастап кеткендерді іздеп жатыр.

Новости партнеров