Британияның тәртіп сақшылары 39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында «абайсызда өлтірді» деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.
РИА Новости мәліметінше, дүйсенбі күні Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғыны құрықталған.
«39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдап, көші-қонды жүзеге асыру мақсатында сөз байласты деген күдікпен ер азамат ұсталды», - делінген Twitter-де жарияланған полиция мәлімдемесінде.
Бұған қоса, құқық қорғаушылардың дерегінше, қазіргі таңда күдікті жауап алу үшін қамауға алынды.
Еске салсақ, 23 қазан күні Эссекс графтығының полициясы Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапты.
Бастапқыда олар Қытай азаматтары деген болжам жасалды, дегенмен кейін марқұмдардың вьетнамдықтар екені анықталды.
Тәртіп сақшылары бірнеше адамды ұстады. Олардың қатарында жүк көлігінің жүргізушісі - Солтүстік Ирландияның 25 жастағы Морис Робинсон есімді азаматы бар.