|
26.11.2019 | 19:15
1480

Оқушы бала 9 жасар қызды педофилден аман алып қалды (ВИДЕО)

48 жастағы жүргізуші жеткіншек қызды күштеп Toyota Vista көлігіне отырғызып, зорламақшы болған

Оқушы бала 9 жасар қызды педофилден аман алып қалды (ВИДЕО)

Иркутск қаласында 9 жасар қызды көлігіне күштеп отырғызған ер азамат ұсталды. Оның қылмысына сол жерде кетіп бара жатқан жасөспірім куә болып, қылмыскерге төтеп берген, деп хабарлайды Stan.kz .

48 жастағы жүргізушіге жеткіншек қызды күштеп Toyota Vista көлігіне отырғызып, оны зорламақшы болған деген айып тағылды. Педофилдің бұл әрекетін 16 жастағы бозбала байқап қалыпты. Ол қыздың жан айқайын естіп, жақын арада тұрған ер азаматты көмекке шақырған. Артынша екеулесіп жатып, олар қызды қылмыскердің құрығынан құтқарып алады. 

Арам ойын іске асырмақшы болған ер адам қашып кетіпті, алайда біраз уақыттан соң полиция қолына түскен. Оның 2017 жылы наурыз айында түрмеден босағандығы анықталыпты. 2001 жылдан бері ол зорлық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылыпты. Алдағы уақытта қылмыскер 5 жылдан 12 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир