Ауғанстанда мешітте болған жарылыстан 63 адам көз жұмды

©AP Photo/Rahmat GUL
©AP Photo/Rahmat GUL
Жарылысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы мойындарына алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жарылыс елдің Кандагар қаласындағы Биби-Фатима шииттер мешітінде болған. Қазіргі дерек бойынша, 63 адам қаза болып, 83 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«РИА Новости» хабарынша, жарылысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы мойындарына алды. Екі жанкешті мешітке баса-көктеп кіріп, бірінші күзетшілерді қырып салып, кейін жарылғыш затты іске қосқан.

Сарапшылар мешітте болған бұл оқиғаны ішкі саяси қақтығыстың ушығуы мен діни алауыздықтың көрінісі екенін айтады.

Бұған дейін жарылыс Құндыз қаласында шиит мешітінде жұма намазы кезінде болған еді. Ол кезде 150 адам қайтыс болып, 200 адам жарақат алған. Шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына «Ислам мемлекеті — Хорасан уәлаяті» алды.

Ауғанстандағы жағдай 2021 жылғы мамырдан бастап шиеленісе түсті. Себебі елде 2001 жылдан бері болған АҚШ әскері кете бастады. Содан кейін «Талибан» қозғалысы елдің ірі қалаларына шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулды басып алды. Содырлар сол кезде «соғыс аяқталды» деп жариялаған еді.


Новости партнеров