Украинадағы сайлау: Порошенко мен Зеленский Киевтің орталық стадионында дебат өткізетін болды

 Reuters
Reuters
Дебат Украина халқының алдында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Пётр Порошенко Украинаның ең үлкен стадионында дебат өткізу туралы Владимир Зеленскийдің ұсынысын қабыл алды. Президенттікке үміткерлер бүгін ресми түрде сайлаудың екінші кезеңіне өтті. Орталық сайлау комиссиясы алғашқы турдың нәтижелерін де жариялады. Дауыстың 30 пайызын жинап, Зеленский алда келеді. Ал оның қарсыласында бұл көрсеткіш екі есе төмен деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Сіз мені пікірталасқа шақырдыңыз. Мені қашып кетеді, қорқады немесе бас тартады деп ойласаңыз – қатты қателесесіз. Мен 2014 жылдағы Сіз емеспін. Ұсынысыңызды қабыл алдым. Шарттарым мынау: мен сізді осында «Олимпийский» стадионында күтемін. Дебат Украина халқының алдында өтеді. Барлық телеарналардың пікірталасты таратуына рұқсаты болады», - деді Украина президенттігіне үміткер Владимир ЗЕЛЕНСКИЙ.

«Пікірталастың ережелері президент сайлауы туралы заңда көрсетілген. Оқып алыңыз. Ол қоғамдық телевизия базасында ондаған миллион адамға телеарналар арқылы таратылуы мүмкін. Бірақ, қаласаңыз стадион болса, болсын. Мен сізді күтемін!» - деді Украина президенті Петр ПОРОШЕНКО.

Пікірталас сайлау болар күннен екі күн бұрын, яғни 19-шы сәуірде сағат кешкі жеті мен онның аралығында тікелей эфир арқылы көрсетілуі тиіс. Қазақстанның саяси сарапшылары болса «Олимпийский» стадионында үміткерлер бірнеше мәселені анық талқылайтынын айтуда.

«Біріншіден, Украинадағы әлеуметтік-экономикалық реформалар сөз болады. Жалпы, бұл реформаларды ары қарай жалғастыру керек пе, керек емес пе, соны айтуы тиіс. Одан бөлек, коррупция мәселесі де міндетті түрде көтерілуі керек. Қазір бұл тақырып Украина қоғамында өте өзекті болып тұр. Сондай-ақ, сыртқы саяи мәселелер де кең талқыланады деген ойдамын. Оның ішінде, Украинаның батыспен ары қарай интеграциясын қандай деңгейде жалғастыру керектігі айтылады. Сонымен қатар, Ресеймен қарым-қатынасты қандай форматта жалғастырады, Ресейге қатысты қандай саясатты ұстанады, сол жағы да сөз болуы тиіс», - дейді ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Жұмабек САРАБЕКОВ.

Новости партнеров