|
08.12.2023 | 18:10
481

Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Бразилияның оңтүстігінде күшті дауыл салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты

Әзербайжанда  жер сілкінісі болды Фото видеодан алынды

Бразилияның оңтүстігінде күшті дауыл салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тауып, 1600-ден астам тұрғын баспанасыз қалған. Ал Тынық мұхитының солтүстік-батысында қатты жаңбыр салдарынан су тасып, көшкін жүрген. Соның салдарынан мектептер мен жолдар жабылған. Әзірбайжанда күшті жер сілкінісі болды. 68 шақырым тереңдіктегі зілзала магнитудасы 5,6 балды құраған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірбайжанда күшті жер сілкінісі болды. 68 шақырым тереңдіктегі зілзала магнитудасы 5,6 балды құраған. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады. Сілкініс ошағы Каспий теңізінде болса, жерасты дүмпулері Бакуде де сезілген. Зілзала Сумгаит қаласынан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде болған. Жергілікті БАҚ Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоғын мәлімдеді.

Тынық мұхитының солтүстік-батысында қатты жаңбыр салдарынан су тасып, көшкін жүрген. Осыған байланысты АҚШ-тың Сиэтл мен Портленд арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Вашингтон мен Орегон штатында көптеген мектептер мен жолдар жабылды. Ұлттық ауа райы қызметі алдағы бірнеше күнде Вашингтон, Орегон және Айдахоның солтүстігінде көп мөлшерде жаңбыр жауады деп хабарлады.

Ал Бразилияның оңтүстігінде күшті дауыл салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты. Рио-Гранде-ду-Сул губернаторы Эдуардо Лейте табиғат апатынан қаза тапқандар саны штаттағы ең жоғары көрсеткішке жеткенін айтты. Ол экстратропикалық циклонға айналған дауылдан 60-қа жуық қала зардап шеккенін мәлімдеді. 50 мыңға жуық тұрғыны бар Мукум қаласындағы бір үйде 15 адамның қаза тапқаны хабарланды. Такуари өзені арнасынан асып, қаланың 85 пайыздан астамын су басқан. Циклон салдарынан 1650 адам баспанасыз қалып, 3700-ден астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Билік құрбандар санының артуы мүмкін екенін айтты. Биыл маусым айында Рио-Гранди-ду-Сул штатында болған соңғы экстратропикалық циклон 16 адамның өмірін қиған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир