Нидерландыда инфляция 9,7 процентке дейін өсті

Depositphotos
Depositphotos

Қазіргі уақытта Нидерланды үкіметі энергия бағасын арзандату, әсіресе кедей отбасыларына ықпалын төмендету бойынша шаралар пакетін дайындады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нидерланды статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес, елде инфляция деңгейі 9,7 %-ға дейін өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі инфляция - Нидерландыда 1976 жылдың сәуірінен кейін тіркелген ең жоғарғы деңгей», - деген CBS Ұлттық статистикалық басқармасының өкілдері. 

Мемлекет аумағында наурыз айында энергия 157 %-ға қымбаттап, тамақ өнімдері 6,2 %-ға өскен. Құрылыс материалдары, жиһаз және еден төсеніштерінің бағасы да жыл сайын 10 %-ға артып келеді. Тұрғын үйді жалдау құнын алып тастайтын инфляцияны есептеудің еуропалық әдісі еуроаймақтағы инфляцияны салыстыруға мүмкіндік береді. Нидерланды статистикалық агенттігі нидерландылықтардың жалақысы 2022 жылдың алғашқы үш айында орташа есеппен 2,4 %-ға өскенін атап өтті. 

Осы жылдың бірінші тоқсанында инфляция 7,4%. Қазіргі уақытта Нидерланды үкіметі энергия бағасын арзандату, әсіресе кедей отбасыларына ықпалын төмендету бойынша шаралар пакетін дайындады.

 

Новости партнеров