Әлем бойынша коронавсирусты жұқтырғандар саны 10 миллионнан асты

30.06.2020 02:06

Бұндай ақпаратты Джонс Хопкинс атындағы университет беріп отыр

pravda.com.ua

Ал әлем бойынша коронавсирусты жұқтырғандар саны 10 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұндай ақпаратты Джонс Хопкинс атындағы университет беріп отыр. Аталған аурумен ауырғандардың 500 мыңға жуығы көз жұмып, 5 миллион 65 мың 869 адам құлан таза айығып шыққан. Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 2 жарым 5 миллион көп. Бразилияда COVID-19 жұқтырған 1 миллион 313 мың 667 адам анықталса, Ресейде 633 мың 542 адам ауырып қалған.