Үндістанның Карнатка штатында дәрігерлер көз жұмды деп айтқан әйел кенеттен оянып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
55 жастағы әйел адам дене қызуы қатты көтерілгендіктен Малати Чаугули Бегаум қаласындағы жекеменшік ауруханаға түскен көрінеді. Артынша ол ес-түсін жоғалтып алған. Оны оята алмаған дәрігерлер әйелді өлді деп санаған.
Чаугидің туыстары дәрігерлерге ем ақысын төлеп, әйелді өзінің туған ауылына алып барып, жерлемекші болған. Сол күні кешке оның денесін жақындары жиналған үйдің сыртына шығарып қойыпты. Олар абыр-сабыр болып, жерлеуге дайндалып жүргенде 55 жастағы үндістандық азаматша оянып кетіпті.
Жерлеу рәсіміне келгендердің біреуі әйелдің комаға түскендігін болжаса, ал кейбіреулері оны о дүниеден біреу қайтарды деп мәз болыпты.