Коронавирустан емделіп шыққан 70 жастағы АҚШ азаматы медициналық мекемеге 1 миллион 120 мың доллар қарыз болып қалған.
Бұл туралы The Seattle Times басылымы жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Майкл Флор қауіпті дертпен 62 күн күрескен. Науқастың жағдайы өте ауыр болыпты. Жүрегіне, бауыры және өкпесіне қатты зақым келген. Тіпті, түнгі кезекшіліктегі мейірбике науқас әне-міне жүріп кетеді деп, отбасымен телефон арқылы байланыстырыпты. Дегенмен науқас коронавирус індетінен жазылып шығады.
Алайда бір миллионнан аса қарызды қалай төлейтіні белгісіз. Майкл Флор медициналық сақтандырудың қарт кісілерге арналған бағдарламасына қатысқандықтан қарызының бір бөлігін сақтандыру қоры төлейді. Қалғанын коронавирусты жеңген азаматтың өзі өтеуі тиіс. Ауруханада жатқан әр күнін дәрігерлер он екі жарым мың долларға бағалапаты.