Үндістанда белгісіз аурудан 15 адам көз жұмды

Globallookpress
Globallookpress
Жергілікті дәрігерлер індеттің нақты себебін анықтай алмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында белгісіз індеттен кем дегенде 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы The Hindustan Times газеті хабарлады.

«Жергілікті дәрігерлер нақты себебін анықтай алмаған індет Пәкістанмен шекаралас Кач округіне қарасты Лакхпат қаласында болған. Ауру 3-7 қыркүйек аралығында 10 адамның өмірін жалмаған. Одан кейін де тағы бес адамның өлімі тіркелген», - делінген хабарламада.

Жергілікті әкімшілік өкілі Амит Арора марқұмдардың өлім себебін анықтау үшін анализдер Ұлттық вирусология институтына жіберілгенін және олардың нәтижесі екі күннен соң жарияланатынын айтты.

Айта кетерлігі, аталған індет аймақтағы нөсер жаңбырмен және су тасқынымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы муссондық маусымда Кач ауданында ең көп жауын-шашын Гуджаратта – шамамен 890 мм болған, бұл орташа көрсеткіштің 184% құрайды.

Оқи отырыңыз: Вьетнамда Яги тайфунынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті

Новости партнеров