|
02.08.2022 | 20:38
487

Тайванда мемлекеттік орган сайттары бұғатталып, АҚШ әскери ұшақтары әуеге көтерілді

Бортта АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидың бар-жоғы белгісіз

Тайванда мемлекеттік орган сайттары бұғатталып, АҚШ әскери ұшақтары әуеге көтерілді Фото: Alex Wong/Getty Images

Тайванда мемлекеттік орган сайттары бұғатталып, АҚШ әскери ұшақтары әуеге көтерілді. АҚШ ұшағы Қытай өз территориясы деп санайтын Тайвань әуе аймағына келіп енді. Бортта АҚШ Конгресі өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосидың бар-жоғы, әзірге белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kzке сілтеме жасап.

Бұл ақпарат ұшуларды бақылайтын FlightRadar қызметінің деректерінен алынды.

Тайванда мемлекеттік органдардың сайты бірінен кейін бірі өшіріле бастады, СІМ сайты да "құлап кетті".

"Жапонияның Окинава префектурасындағы Каден ауылындағы АҚШ әскери базасынан 5 жанар-жағармай құю ұшағы мен 8 F15 жойғыш әскери ұшағы әуеге көтерілді", деп хабарлайды Жапонияның NHK телеарнасы.

Сонымен қатар, екі сағат бұрын әскери нысандардан және әскери техникадан электронды ақпарат жинауға қабілетті Lockheed EP3 радиотехникалық барлау ұшағы базадан ұшып шықты.

"Коммерсант" басылымы мәліметінше, Нэнси Пелоси келуі тиіс Тайбэйдегі қонақ үйдің айналасында күзет күшейтіліп, полиция темір қоршаулар қойды. Тайвань тұрғындары Пелосидің сапарына ерекше қабылдайды: кейбіреулері оны қуана-қуана қарсы алуға дайын болса, тағы біреулері оны айыптап, ымыраға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир